Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 6С-55/4-20 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 15 желтоқсанда № 8240 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 21.10.2021 № 7С-14/3-21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Ерейментау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Ерейментау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.

      3. Осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес Ерейментау ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы
Е.Биекенов
      Ерейментау аудандық
мәслихатының хатшысы
К.Махметов

 
  Ерейментау аудандық мәслихатының
2020 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 6С-55/4-20 шешіміне
1-қосымша

Ерейментау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 21.10.2021 № 7С-14/3-21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Ерейментау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:

      1. Орталық алаң, Ерейментау қаласы, Абай Құнанбаев көшесі.

      2. Үмбетей жырау атындағы көшесі мен Шоқан Уәлиханов көшесінің қиылысындағы орналасқан алаң.

      3. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Ерейментау қаласы, Жеңіс көшесі мен Абай Құнанбаев көшесінің қиылысынан бастап, әрі қарай Абай Құнанбаев көшесімен Үмбетей жырау атындағы көшесімен қиылысына дейін.

      4. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Ерейментау қаласы, Бөгенбай көшесі мен Әл-Фараби көшесінің қиылысынан бастап, әрі қарай Бөгенбай көшесімен Талғат Мұсабаев көшесімен қиылысына дейін, әрі қарай Талғат Мұсабаев көшесімен Абай Құнанбаев көшесімен қиылысына дейін, әрі қарай Абай Құнанбаев көшесімен орталық алаңға дейін.

      5. Орталық алаң, Ақмырза ауылы, Жастар көшесі.

      6. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Ақмырза ауылы, Бейбітшілік, 1 көшесінен Жастар, 20 көшесіне дейін.

      7. Орталық алаң, Ақсуат ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі.

      8. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Ақсуат ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесінен бастап, әрі қарай Абай Құнанбаев көшесімен Ыбырай Алтынсарин, 2 көшесіне дейін.

      9. Орталық алаң, Бестоғай ауылы, Бейбітшілік көшесі.

      10. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Бестоғай ауылы, Тың игерушілер, 31 көшесінен Бейбітшілік, 2 көшесіне дейін.

      11. Орталық алаң, Бозтал ауылы, Достық көшесі.

      12. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Бозтал ауылы, Тәуелсіздік, 13Б көшесінен Достық, 3Б көшесіне дейін.

      13. Мәдениет үйінің алдындағы алаң, Еркіншілік ауылы, Сарыжайлау көшесі.

      14. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Еркіншілік ауылы, Сарыжайлау, 4 көшесінен бастап Сарыжайлау, 15 көшесіне дейін.

      15. Орталық алаң, Ажы ауылы, Зейін Шашкин көшесі.

      16. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Ажы ауылы, Қаркен Ахметов атындағы, 1 көшесінен Зейін Шашкин, 4 көшесіне дейін.

      17. Орталық алаң, Күншалған ауылы, Иллиадор Поморцев атындағы көшесі.

      18. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Күншалған ауылы, Иллиадор Поморцев атындағы, 1 көшесінен, Иллиадор Поморцев атындағы, 8 көшесіне дейін.

      19. Орталық алаң, Новомарковка ауылы, Яков Киселев көшесі.

      20. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Новомарковка ауылы, Достық, 31 көшесінен Яков Киселев, 18 көшесіне дейін.

      21. Орталық алаң, Олжабай батыр атындағы ауылы, Алаш Орда көшесі.

      22. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Олжабай батыр атындағы ауылы, Шамшит Байтуаров атындағы, 21 көшесінен Алаш Орда, 15 көшесіне дейін.

      23. Орталық алаң, Сілеті ауылы, Абай Құнанбаев көшесі.

      24. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Сілеті ауылы, Ыбырай Алтынсарин, 24 көшесінен, әрі қарай Бөгенбай көшесімен, әрі қарай Бейбітшілік көшесімен Абай Құнанбаев көшесіне дейін.

      25. Орталық алаң, Тайбай ауылы, Сарыарқа көшесі.

      26. Клуб алдындағы алаң, Малтабар ауылы, Бөгенбай батыр көшесі.

      27. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Тайбай ауылы, Сарыарқа, 53 көшесінен, Сарыарқа, 5 көшесіне дейін.

      28. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Малтабар ауылы, Бөгенбай батыр, 1 көшесінен Бөгенбай батыр, 9 көшесіне дейін.

      29. Орталық алаң, Торғай ауылы, Жәнібеков Құрмаш атындағы көшесі.

      30. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Торғай ауылы, Жәнібеков Құрмаш атындағы, 2 көшесінен Жәнібеков Құрмаш атындағы, 21 көшесіне дейін.

      31. Орталық алаң, Өлеңті ауылы, Тың көшесі.

      32. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Өлеңті ауылы, Тәуелсіздік көшесінен, әрі қарай Қапбас Жаниев атындағы көшесімен Тың, 1 а көшесіне дейін.

 
  Ерейментау аудандық мәслихатының
2020 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 6С-55/4-20 шешіміне
2-қосымша

Ерейментау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 21.10.2021 № 7С-14/3-21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Ерейментау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.

      2. Арнайы орындар санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды өткізуге жол беріледі.

      3. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

      4. Ерейментау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:

      1) орталық алаң, Ерейментау қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, шекті толу нормасы 200 адам;

      2) Үмбетей жырау атындағы көшесі мен Шоқан Уәлиханов көшесінің қиылысында орналасқан алаң, Ерейментау қаласы, шекті толу нормасы 200 адам;

      3) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Ерейментау қаласы, Жеңіс көшесі мен Абай Құнанбаев көшесінің қиылысынан бастап, әрі қарай Абай Құнанбаев көшесімен Үмбетей жырау атындағы көшесімен қиылысына дейін, шекті толу нормасы 200 адам;

      4) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Ерейментау қаласы, Бөгенбай көшесі мен Әл-Фараби көшесінің қиылысынан бастап, әрі қарай Бөгенбай көшесімен Талғат Мұсабаев көшесімен қиылысына дейін, әрі қарай Талғат Мұсабаев көшесімен Абай Құнанбаев көшесімен қиылысына дейін, әрі қарай Абай Құнанбаев көшесімен орталық алаңға дейін, шекті толу нормасы 200 адам;

      5) орталық алаң, Ақмырза ауылы, Жастар көшесі, шекті толу нормасы 100 адам;

      6) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Ақмырза ауылы, Бейбітшілік, 1 көшесінен Жастар, 20 көшесіне дейін, шекті толу нормасы 100 адам;

      7) орталық алаң, Ақсуат ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі, шекті толу нормасы 100 адам;

      8) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Ақсуат ауылы, Ыбырай Алтынсарин, 2 көшесінен бастап, әрі қарай Абай Құнанбаев көшесімен Ыбырай Алтынсарин, 1 көшесіне дейін, шекті толу нормасы 100 адам;

      9) Бестоғай ауылы, Бейбітшілік көшесі, орталық алаң, шекті толу нормасы 100 адам;

      10) бейбіт жиналыстар өткізу үшін жүру бағыты: Бестоғай ауылы, Тың игерушілер, 31 көшесінен Бейбітшілік, 2 көшесіне дейін, шекті толу нормасы 100 адам;

      11) Бозтал ауылы, Достық көшесі, орталық алаң, шекті толу нормасы 100 адам;

      12) бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру үшін жүру бағыты: Бозтал ауылы, Тәуелсіздік, 13Б көшесінен Достық, 3Б көшесіне дейін, шекті толу нормасы 100 адам;

      13) мәдениет үйінің алдындағы алаң, Еркіншілік ауылы, Сарыжайлау көшесі, шекті толу нормасы 100 адам;

      14) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Еркіншілік ауылы, Сарыжайлау, 4 көшесінен бастап Сарыжайлау, 15 көшесіне дейін, шекті толу нормасы 100 адам;

      15) орталық алаң, Ажы ауылы, Зейін Шашкин көшесі, шекті толу нормасы 100 адам;

      16) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Ажы ауылы, Қаркен Ахметов атындағы, 1 көшесінен Зейін Шашкин, 4 көшесіне дейін, шекті толу нормасы 100 адам;

      17) орталық алаң, Күншалған ауылы, Иллиадор Поморцев атындағы көшесі, шекті толу нормасы 100 адам;

      18) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Күншалған ауылы, Иллиадор Поморцев атындағы, 1 көшесінен, Иллиадор Поморцев атындағы, 8 көшесіне дейін, шекті толу нормасы 100 адам;

      19) орталық алаң, Новомарковка ауылы, Яков Киселев көшесі, шекті толу нормасы 100 адам;

      20) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Новомарковка ауылы, Достық, 31 көшесінен Яков Киселев, 18 көшесіне дейін, шекті толу нормасы 100 адам;

      21) орталық алаң, Олжабай батыр атындағы ауылы, Алаш орда көшесі, шекті толу нормасы 100 адам;

      22) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Олжабай батыр атындағы ауылы, Шамшит Байтуаров атындағы, 21 көшесінен Алаш орда, 15 көшесіне дейін, шекті толу нормасы 100 адам;

      23) Сілеті ауылы, Абай Құнанбаев көшесі, орталық алаң, шекті толу нормасы 100 адам;

      24) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Сілеті ауылы, Ыбырай Алтынсарин, 24 көшесінен, әрі қарай Бөгенбай көшесімен, әрі қарай Бейбітшілік көшесімен Абай Құнанбаев көшесіне дейін, шекті толу нормасы 100 адам;

      25) орталық алаң, Тайбай ауылы, Сарыарқа көшесі, шекті алу нормасы 100 адам;

      26) клуб алдындағы алаң, Малтабар ауылы, Бөгенбай батыр көшесі, шекті толу нормасы 100 адам;

      27) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Тайбай ауылы, Сарыарқа, 53 көшесінен, Сарыарқа, 5 көшесіне дейін, шекті толу нормасы 100 адам;

      28) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Малтабар ауылы, Бөгенбай батыр, 1 көшесінен Бөгенбай батыр, 9 көшесіне дейін, шекті толу нормасы 100 адам;

      29) орталық алаң, Торғай ауылы, Жәнібеков Құрмаш атындағы көшесі, шекті толу нормасы 100 адам;

      30) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Торғай ауылы, Жәнібеков Құрмаш атындағы, 2 көшесінен Жәнібеков Құрмаш атындағы, 21 көшесіне дейін, шекті толу нормасы 100 адам;

      31) орталық алаң, Өлеңті ауылы, Тың көшесі, шекті толу нормасы 100 адам;

      32) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Өлеңті ауылы, Тәуелсіздік көшесінен, әрі қарай Қапбас Жаниев атындағы көшесімен Тың, 1 а көшесіне дейін, шекті толу нормасы 100 адам;

      5. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.

      6. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      7. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.

      8. Бір қатысушы өткізетін пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды

      9. Бейбіт жиналыстар өткізілетін күні Ерейментау ауданының жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.

  Ерейментау аудандық мәслихатының
2020 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 6С-55/4-20 шешіміне
3-қосымша

Ерейментау ауданында пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 21.10.2021 № 7С-14/3-21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Ерейментау ауданының аумағында іргелес аумақтардың шекарасына 400 метрден жақын жерде пикет өткізуге жол берілмейді:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады