Ерейментау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 6С-55/4-20 "Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 8С-26/4-24 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 2 қазанда № 8836-03 болып тіркелді

      Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы" Ерейментау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 6С-55/4-20 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8240 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

      19, 20-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "19. Орталық алаң, Майлан ауылы, Яков Киселев көшесі.";

      "20. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Майлан ауылы, Достық, 31 көшесінен Яков Киселев, 18 көшесіне дейін.";

      көрсетілген шешімнің 2-қосымшасында:

      4-тармақтың 19), 20) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

      "19) орталық алаң, Майлан ауылы, Яков Киселев көшесі, шекті толу нормасы 100 адам;";

      "20) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Майлан ауылы, Достық, 31 көшесінен Яков Киселев, 18 көшесіне дейін, шекті толу нормасы 100 адам;";

      көрсетілген шешімнің 3-қосымшасында:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Ерейментау ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары".

      2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау аудандық мәслихатының төрағасы М.Абжиков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады