Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8, 9-баптарына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алға ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары, осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Алға ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары, осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3. "Алға аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Алға аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алға аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
А. Жиенбаев |
Алға аудандық мәслихатының хатшысы |
Б. Жумабаев |
Алға аудандық мәслихатының 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 451 шешіміне 1 қосымша |
Алға ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1. Жиналыстар, митингілер, пикеттеу ұйымдастыру және өткізу үшін:
№ р/с | Арнайы орын | Материалдық – техникалық жабдықтау | Олардың шекті толу нормасы |
1.1.1 | Жеңіс көшесі бойында орналасқан Алға қалалық саябақ алаңы |
- жасанды жарықтандыру; | 500 адамнан артық емес |
2. Демонстрациялар, шерулер ұйымдастыру және өткізу үшін:
№ р/с | Арнайы орын | Материалдық-техникалық жабдықтау | Олардың шекті толу нормасы |
3.2.1 | Жәдігер көшесінде орналасқан "Мәңгілік алау" алаңынан бастап аудандық Мәдениет үйіне дейін, одан әрі оңға бұрылып, Жеңіс көшесінде орналасқан Алға қалалық саябағының алаңына дейін |
маршруттың ұзақтығы 800 метрді құрайды. | 500 адамнан артық емес |
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі.
1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдаланудың осы тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңы (әрі қарай - Заң) негізінде жасалды және бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар жалпыға ортақ пайдаланылатын орын болып табылады және бейбіт жиналыстар өткізу үшін Алға ауданының жергілікті өкілді органымен айқындалды.
Бейбіт жиналыстарды өткізуге арналған арнайы орындарда - сипатына қарай бейбіт, күш қолданылмайтын және қаруланбайтын, мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, халықтың имандылығын, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделеріне қатер төндірмейтін жария іс-шаралар өткізіледі.
Бейбіт жиналыстарды өткізуге арналған арнайы орындарда қолданыстағы қолданыстағы Заңды бұза отырып, жиналыс, митинг, демонстрация, шеру және пикеттеу өткізуге тыйым салынады.
Төтенше, соғыс жағдайы немесе терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген кезде олардың қолданылу кезеңінде бейбіт жиналыстар өткізуге арналған арнайы орындарда "Төтенше жағдай туралы", "Соғыс жағдайы туралы" және "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тыйым салынуы немесе шектеу қойылуы мүмкін.
Арнайы орындардағы бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні жергілікті уақыт бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.
Осы Тәртіппен реттелмейтін қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.
Алға аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 136 шешіміне 2 қосымша |
Алға ауданындағы пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Ескерту. 2 қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 28.03.2024 № 136 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Пикеттеуді мынадай объектілердің іргелес жатқан аумақтарының шекарасынан 800 метр қашықтықта өткізуге тыйым салынады:
1) жаппай жерлеу орындарында;
2) теміржол және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.