Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 мамырдағы № 108 "Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 мамырдағы № 474 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 19 мамырда № 7100 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 2 қарашадағы № 565 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 02.11.2020 № 565 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 мамырдағы № 108 "Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5528 тіркелген, 2017 жылы 15 маусымда "Шалқар" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

      13 тармақтың 7) тармақшасындағы:

      "мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы" сөздері алып тасталсын;

      13-1 тармақтың 1) тармақшасындағы:

      "мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы" сөздері алып тасталсын.

      2. "Шалқар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған құқық қатынастарына таралады.

      Шалқар аудандық
мәслихатының сессия төрағасы
Ж. Утегенов
      Шалқар аудандық
мәслихатының хатшысы
С. Бигеев
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Ақтөбе облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Б. Елеусинова
      "__"____________ 2020 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады