Талдықорған қалалық мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы № 167 "Талдықорған қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 428 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 8 қазанда № 5702 болып тіркелді. Күші жойылды - Жетісу облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2023 жылғы 15 қарашадағы № 11-68 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 15.11.2023 № 11-68 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2- 3-тармағына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Талдықорған қалалық мәслихатының "Талдықорған қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 28 наурыздағы № 167 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4644 тіркелген, 2018 жылдың 28 сәуірінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Талдықорған қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      2-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;";

      4-тармақ келесі редакцияда баяндалсын:

      "4. "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.";

      6-тармақтың 1) және 4) тармақшалары келесі редакцияда баяндалсын:

      "1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;";

      "4) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні.";

      6-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      7-тармақтың 2), 3), 5) және 10) тармақшалары келесі редакцияда баяндалсын:

      "2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар – 26 айлық есептік көрсеткіш;";

      "3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар – 26 айлық есептік көрсеткіш;";

      "5) әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға отбасы табыстарын есепке алмай – 5 айлық есептік көрсеткіш, оның ішінде: адамның иммунитет тапшылығы вирусы бар балаларға - екі есе ең төменгі күнкөріс деңгейі;";

      "10) жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің жетпіс пайыздық қатынасынан аспайтын, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқылатын балалары бар отбасылар – 5 айлық есептік көрсеткіш.";

      7-тармақтың үшінші абзацтың 3) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:

      "3) осы Қағидалардың 7-тармағының 10) тармақшасын есептемегенде, облыс бойынша ең төмен күнкөріс деңгейіне бір еселік қатынас шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.";

      11-тармақтың 2) және 3) тармақшалары алып тасталсын;

      12-тармақ келесі редакцияда баяндалсын:

      "12. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихатының "Әлеуметтік қорғау, заңдылықты сақтау, азаматтардың құқықтары және қоршаған ортаны қорғау мәселесі жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешімнің 2020 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілетін осы Қағиданың 7-тармағының 5) тармақшасын қоспағанда, әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Талдықорған қалалық мәслихатының
      сессия төрайымы Б. Ержанова
      Талдықорған қалалық мәслихатының
      хатшысы Т. Ахажан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады