Кеген аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 30-107 "Кеген ауданының ауылдық округтерінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеттері туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Алматы облысы Кеген аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 40-136 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 29 қыркүйекте № 5675 болып тіркелді

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Кеген аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Кеген аудандық мәслихатының "Кеген ауданының ауылдық округтерінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеттері туралы" 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 30-107 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5417 тіркелген, 2020 жылдың 24 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 11-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "11. 2020-2022 жылдарға арналған Саты ауылдық округінің бюджеті тиісінше осы шешімнің 31, 32, 33-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

      1) кірістер 49 458 мың теңге, оның ішінде:

      салықтық түсімдер 3 634 мың теңге;

      трансферттер түсімдері 45 824 мың теңге, оның ішінде:

      ағымдағы нысаналы трансферттер 24 804 мың теңге;

      субвенциялар 21 020 мың теңге;

      2) шығындар 49 458 мың теңге;

      3) таза бюджеттік кредиттеу 0 теңге;

      4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;

      5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 0 теңге;

      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 0 теңге;"

      2. Көрсетілген шешімнің 31-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Кеген аудандық мәслихатының "Жергілікті өзін-өзі басқару, әлеуметтік және экономикалық даму, бюджет, сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, туризм жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кеген аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы С. Смагулов
      Кеген аудандық маслихаттың
      хатшысы Н. Советов

  Кеген аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 40-136 шешіміне қосымша
  Кеген аудандық мәслихатының 2020 жылғы "17" қаңтардағы № 30-107 шешіміне 31-қосымша

2020 жылға арналған Саты ауылдық округінің бюджеті

Санаты

 
Сомасы,
мың теңге


Сыныбы



Кіші сыныбы




Атауы




І. Кірістер

49 458

1



Салықтық түсімдер

3 634


01


Табыс салығы

98



2

Жеке табыс салығы

98


04


Меншiкке салынатын салықтар

3 536



1

Мүлiкке салынатын салықтар

51



3

Жер салығы

585



4

Көлiк құралдарына салынатын салық

2 900

4



Трансферттердің түсімдері

45 824


02


Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер

45 824



3

Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер

45 824


Функционалдық топ

Сомасы, мың теңге


Кіші функция



Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі




Бағдарлама





Атауы





ІІ. Шығындар

49 458

01




Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

24 654


1



Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар

24 654



124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

24 654




001

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

17 316




022

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

7 338

07




Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

24 100


3



Елді-мекендерді көркейту

24 100



124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

24 100




008

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру

2 000




009

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

20 100




011

Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру

2 000

12




Көлiк және коммуникация

704


1



Автомобиль көлiгi

704



124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

704




013

Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

704


Санаты

Сомасы, мың теңге


Сыныбы



Кіші сыныбы




Атауы




Бюджеттік кредиттерді өтеу

0

5



Бюджеттік кредиттерді өтеу

0


01


Бюджеттік кредиттерді өтеу

0



1

Мемлекеттік бюджеттен берілетін бюджеттік кредиттерді өтеу

0


Функционалдық топ

Сомасы, мың теңге


Кіші функция



Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі




Бағдарлама




Атауы



IV. Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо

0



Санаты

Сомасы, мың теңге


Сыныбы



Кіші сыныбы




Атауы




V. Бюджет тапшылығы (профициті)

0




VI. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

0

8



Бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары

0


01


Бюджет қаражаты қалдықтары

0



1

Бюджет қаражатының бос қалдықтары

0


Функционалдық топ

Сомасы,
мың теңге


Кіші функция



Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі




Бағдарлама





Атауы

16




Қарыздарды өтеу

0


1



Қарыздарды өтеу

0



124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

0




056

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының жоғары тұрған бюджет алдындағы борышын өтеу

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады