Ескерту. Күшi жойылды - Шымкент қаласы әкiмдігiнiң 05.10.2023 № 2466 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 30-бабы 4-тармағына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасарына, орынбасарларына, қала әкімінің аппарат басшысына, Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандары әкімдеріне қызметтік куәлікті беру қағидалары;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасарының, орынбасарларының, қала әкімінің аппарат басшысының, Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандары әкімдерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы бекітілсін.
2. "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, Шымкент қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 330 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5 болып тіркелген, "Шымкент келбеті" газетінде 2018 жылғы 21 желтоқсанда және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық банкінде 2018 жылғы 25 желтоқсанда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жолданылуын;
3) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы Е.Әлімқұловқа жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі | М. Айтенов |
Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 12 тамызы № 473 қаулысына 1-қосымша |
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасарына, орынбасарларына, қала әкімінің аппарат басшысына, Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандары әкімдеріне қызметтік куәлікті беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасарына, орынбасарларына, қала әкімінің аппарат басшысына, Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандары әкімдеріне қызметтік куәлікті беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасарына, орынбасарларына, қала әкімінің аппарат басшысына, Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандары әкімдеріне қызметтік куәлікті беру тәртібін белгілейді.
2. Мемлекеттік саяси қызметшінің, "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі - Қызметтік куәлік) оның мемлекеттік лауазымы мен лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат болып табылады.
3. Қызметтік куәлік осы қаулымен бекітілген сипаттамаға сәйкес.
Ескерту. 3-тармаққа орыс тiлiндегі мәтініне өзгерiс енгiзiлдi, қазақ тiлiндегi мәтiнi өзгермейдi – Шымкент қаласы әкімдігінің 19.08.2022 № 1582 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).4. Тиісінше ресімделмеген, жарамдылық мерзімі өткен, түзетілген және тазартылған қызметтік куәлік жарамсыз болып саналады.
2-тарау. Қызметтік куәлікті беру тәртібі
5. Қызметтік куәлік қала әкімінің орынбасарларына, қала әкімінің аппарат басшысына және аудан әкімдеріне - қала әкімінің қолы қойылып беріледі.
6. Қызметтік куәлік мемлекеттік саяси қызметшіге, "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне лауазымға тағайындалған, лауазымы ауысқан және бұған дейін берілген куәліктің мерзімі өткен, жоғалған немесе бүлінген жағдайда беріледі.
Мемлекеттік саяси қызметшілер, "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі алған қызметтік куәлік үшін осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысаны бойынша қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналына қол қояды (бұдан әрі - есепке алу журналы).
7. Қызметтік куәліктер мен есепке алу журналы персоналды басқару қызметінің сейфінде сақталады.
8. Мемлекеттік саяси қызметшілерге, "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне қызметтік куәлікті тапсырған кезде пайдалану және оны сақтау тәртібі бойынша түсіндіру жүргізіледі.
Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген қызметтік куәлікті ауыстыру кезінде бұрын берілген қызметтік куәлікті персоналды басқару қызметінің қызметтік куәлікті беруге жауапты қызметкері қайтарып алады.
9. Персоналды басқару қызметі жыл сайын, 1 қаңтардағы жағдай бойынша, қызметтік куәліктердің есептік деректерге сәйкестігіне салыстырып тексеру жүргізеді.
10. Қызметтік куәліктерін толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды персоналды басқару қызметінің басшысы жүзеге асырады.
11. Қызметтік куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оның иесі дереу қала әкімі аппаратының персоналды басқару қызметіне жазбаша (еркін) нысанда хабарлайды және жоғалған қызметтік куәліктің жарамсыздығы туралы тиісті аумақта таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру береді.
12. Қызметтік куәлікті жоғалтудың, оны ықылассыз сақтаудың, және де басқа адамдарға берудің, қызметтік куәлікті мақсатына сай пайдаланбаудың салдарынан бүлдірудің әрбір фактісі бойынша персоналды басқару қызметі белгіленген тәртіпте қызметтік тергеп-тексеру жүргізу қажеттілігін қарастырады.
13. Жұмыстан босатылған кезде қызметкер қызметтік куәлікті қала әкімі аппаратының персоналды басқару қызметіне тапсырады.
Қызметтік куәлікті тапсырған кезде кету парағына қызметтік куәлікті беру үшін жауапты адамның қолы қойылады.
14. Қызметкерлер жұмыстан босатылған не бүлінген кезде тапсырған қызметтік куәліктер еркін нысандағы тиісті жою туралы акт жасала отырып, бір жылда бір рет жойылуға жатады.
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасарына, орынбасарларына, қала әкімінің аппарат басшысына, Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандары әкімдеріне қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналы
№ | Қызметтік куәліктің нөмірі | Тегі, Аты, Жөні (бар болған жағдайда) | Атқаратын лауазымы | Қызметтік куәліктің берілген күні | Алғаны жөнінде жеке қолы | Қызметтік куәлікті тапсырған күні | Ескертпе |
Ескертпе: Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасарына, орынбасарларына, қала әкімінің аппарат басшысына, Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандары әкімдеріне қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналы тігіліп, нөмірленіп персоналды басқару қызметі басшысының қолымен және мөрімен расталады.
Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 12 тамызы № 473 қаулысына 2-қосымша |
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасарына, орынбасарларына, қала әкімінің аппарат басшысына, Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандары әкімдеріне қызметтік куәлігінің сипаттамасы
1. Қызметтік куәлік мұқабасы күрең қызыл түсті былғарыдан немесе жоғары сапалы жасанды былғарыдан жасалады (ашып көрсетілген түрінде көлемі 19 см х 6,5 см).
Ескерту. 1-тармаққа орыс тiлiндегі мәтініне өзгерiс енгiзiлдi, қазақ тiлiндегi мәтiнi өзгермейдi – Шымкент қаласы әкімдігінің 19.08.2022 № 1582 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. Куәліктің сыртқы бетінің ортасында (бүктелген түрінде) алтын түсті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, одан төмен "ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ" типографиялық қаріппен жазба мемлекеттік тілде орындалған.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – Шымкент қаласы әкімдігінің 19.08.2022 № 1582 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).3. Куәліктің ішкі жағында ақ түсті фонда шеңберде орналасқан күн мен қалықтаған қыранның жасырын формасын қолдана отырып көгілдір түсті қорғаныштық тангир бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде әкімдіктің атауы (мемлекеттік және орыс тілдерінде), одан төмен мәтіннен көк түсті үзік жолақпен бөлектелген "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазулар орналасқан. Төменгі жағында куәліктің нөмірі, мемлекеттік саяси қызметшілердің, "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) атқаратын лауазымы, мемлекеттік және орыс тілдерінде куәліктің жарамдылық мерзімі көрсетіледі (екі жыл мерзімге беріледі).
4. Сол жағында: 2,5 х 3,5 см фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті), тиісінше қала әкімінің қолымен және елтаңбалы мөрімен расталған мемлекеттік тілдегі мәтін.
5. Оң жағында: көгілдір түсті фонда көлемі 3 х 4 см Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, төменгі жағында көкшіл түсті "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу және орыс тіліндегі мәтін көрсетіледі.