Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 12 тамыздағы № 473 "Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасарына, орынбасарларына, қала әкімінің аппарат басшысына, Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандары әкімдеріне қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 1582 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 тамызда № 29224 болып тіркелді. Күші жойылды - Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 5 қазандағы № 2466 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Шымкент қаласы әкiмдігiнiң 05.10.2023 № 2466 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 12 тамыздағы № 473 "Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасарына, орынбасарларына, қала әкімінің аппарат басшысына, Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандары әкімдеріне қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 118 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасымен бекітілген Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасарына, орынбасарларына, қала әкімінің аппарат басшысына, Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандары әкімдеріне қызметтік куәлікті беру қағидаларының 3-тармағының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      көрсетілген қаулының 2-қосымшасымен бекітілген Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасарына, орынбасарларына, қала әкімінің аппарат басшысына, Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандары әкімдеріне қызметтік куәлігінің сипаттамасының 1 және 2-тармақтарының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі 1- тармақ мәтіні өзгермейді, 2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Куәліктің сыртқы бетінің ортасында (бүктелген түрінде) алтын түсті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, одан төмен "ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ" типографиялық қаріппен жазба мемлекеттік тілде орындалған.".

      2. "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі М. Айтенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады