Шымкент қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 5 қазандағы № 2466 қаулысы. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2023 жылғы 6 қазанда № 193-17 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шымкент қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) "Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасарына, орынбасарларына, қала әкімінің аппарат басшысына, Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандары әкімдеріне қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 12 тамыздағы № 473 қаулысы (Шымкент қаласының Әділет департаментінде № 118 тіркелген);

      2) "Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 12 тамыздағы № 473 "Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасарына, орынбасарларына, қала әкімінің аппарат басшысына, Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандары әкімдеріне қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 1582 қаулысы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 29224 тіркелген).

      2. "Шымкент қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласы әкімінің Г. Сыздыкбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады