2020 жылға акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы

Жаңартылған

Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 18 ақпандағы № 22 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 19 ақпанда № 4508 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2020 жылға акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Шүкеевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2020 жылғы 18 ақпандағы
№ 22 қаулысына қосымша

2020 жылға акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Жамбыл облысы әкімдігінің 03.11.2020 № 255 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Тауарлы балық өнімдерінің түрі

Субсидия көлемі, мың теңге

1

Тұқы және оның буданы

15000,0

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады