"2020 жылға акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 18 ақпандағы № 22 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 255 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 5 қарашада № 4792 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2020 жылға акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 18 ақпандағы № 22 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4508 болып тіркелген, 2020 жылдың 20 ақпанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Нығмашевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2020 жылғы 3 қарашадағы
№ 255 қаулысына қосымша

2020 жылға акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері

Тауарлы балық өнімдерінің түрі

Субсидия көлемі, мың теңге

1

Тұқы және оның буданы

15000,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады