Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 30.03.2021 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 31 наурызындағы № 107 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) 36 тармағына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы аталған қаулының қосымшасына сәйкес, тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша бекітілсін.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б. Нығмашевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысының әкімі | Б. Сапарбаев |
Жамбыл облысы әкімідігінің 2020 жылғы "__" _________ № __ қаулысына қосымша |
Жамбыл облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 2020 жылға арналған бюджет қаражатының көлемі
мың.тенге |
Бюджет түрі | Жалпы қажетті | Бірегей | Элиталық | 1 репродукция | Будандар | Элиталық көшеттер |
Жергілікті | 900 000 | 10 379 | 194 871 | 110 907 | 242 155 | 341 688 |
Республикалық | 150 000 | 0 | 39 000 | 40 050 | 70950 | |
Барлығы | 1 050 000 | 10 379 | 233 871 | 150 957 | 242 155 | 412 638 |