"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 тіркелген, 2020 жылы 2 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы аталған қаулының қосымшасына сәйкес, 2021 жылға арналған субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға бюджет қаражатының көлемі бекітілсін.
2. Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 113 "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4621 тіркелген, 2020 жылы 1 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулының күші жойылды деп танылсын.
3. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б. Нығмашевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары | Т. Мамаев |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы "30" наурыздағы № 75 қаулысына қосымша |
Жамбыл облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 2021 жылға арналған бюджет қаражатының көлемі
мың.тенге |
Бюджет түрі | Жалпы қажетті | Бірегей | Элиталық | 1 репродукция | Будандар | Элиталық көшеттер |
Жергілікті | 828 000 | 2 288 | 218 075 | 53 226 | 233 478 | 320 932 |
Барлығы | 828 000 | 2 288 | 218 075 | 53 226 | 233 478 | 320 932 |