"Тараз қаласында жиналыстар, митингілер, демонстрациялар, шерулер мен пикеттерді өткізуге арналған арнайы орындарды белгілеу және оларды пайдалану тәртібі туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы №59-6 шешіміне толықтырулар енгізу туралы"

Жаңа

Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 29 шілдедегі № 60-4 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 6 тамызда № 4694 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8 бабына сәйкес, Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Тараз қаласында жиналыстар, митингілер, демонстрациялар, шерулер мен пикеттерді өткізуге арналған арнайы орындарды белгілеу және оларды пайдалану тәртібі туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 59-6 шешіміне (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 4652 тiркелген, электрондық түрде 2020 жылдың 30 маусымында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:

      аталған шешімнің № 1 қосымшасымен бекітілген Тараз қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың 1 тармағы 3) тармақшамен толықтырылсын.

      "3) Қайрат Рысқұлбеков саябағының балалар алаңшасы.";

      № 2 қосымшасымен бекітілген бейбіт жиналыстарды, шерулерді және демонстрацияларды өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету 5 тармақпен толықтырылсын.

1.5.

Қайрат Рысқұлбеков саябағының балалар алаңшасы

Жер учаскесінің көлемі
– 3 500 шаршы метр;
- жасанды жарықтандыру;
электрэнергиясын қосу нүктесі;
-бейнебақылау камералары және бейнежазбалар орнатылған;
20 тұрақ орындары.
( 1 кіру, 1 шығу)

300-500
адам

      2. "Тараз қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жамбыл облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Тараз қалалық мәслихаты интернет-ресурста орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тараз қалалық
мәслихаты сессиясының төрағасы
А. Джузанов
      Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Б. Кулекеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады