Аса ауылдық округінің Аса ауылындағы көшелер атауларын қайта атау және Аса ауылдық округінің Аса және Рахат ауылдарындағы көшелер атауларының транскрипциясын нақтылау туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 21 мамырдағы № 32 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 22 мамырда № 4610 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына және Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы қорытындысы және тиісті аумақ халқының пікірлерін ескере отырып, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аса ауылдық округінің Аса ауылының төмендегі көшелері қайта аталсын:

      Абай көшесінің 1-бұрылысын Береке көшесіне;

      Абай көшесінің 2-бұрылысын Лашын көшесіне;

      Абай көшесінің 3-бұрылысын Достық көшесіне;

      Абай көшесінің 4-бұрылысын Ақсу көшесіне;

      Абай көшесінің 5-бұрылысын Жібек жолы көшесіне;

      С. Сейфуллин 2 көшесін Алаш көшесіне;

      Желтоқсан көшесінің 2-бұрылысын Тәуелсіздік көшесіне;

      Төле би бұрылысын Көктерек көшесіне;

      Ы. Алтынсарин көшесінің 2-бұрылысын Ақжар көшесіне.

      2. Аса ауылдық округінің Аса ауылындағы көшелердің атауының транскрипциясы нақтылансын:

      Аса ауылының орталық көшесінің атауының транскрипциясы Абай көшесі болып нақтылансын;

      Бауыржан Момышұлы көшесінің оң жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Төле би көшесі болып нақтылансын;

      Шәмші Қалдаяқов көшесінің оң жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Мұқтар Әуезов көшесі болып нақтылансын;

      Керімбек Шманов көшесінің оң жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Тұрар Рысқұлов көшесі болып нақтылансын;

      Төле би көшесінің сол жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Бауыржан Момышұлы көшесі болып нақтылансын;

      Бауыржан Момышұлы көшесінің сол жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Жетітөбе көшесі болып нақтылансын;

      Темір жол көшесінің сол жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Ғани Мұратбаев көшесі болып нақтылансын;

      Сейдахмет Махашев көшесінің сол жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Жамбыл көшесі болып нақтылансын;

      Абай көшесінің сол жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Кемелбек Жүнісов көшесі болып нақтылансын;

      Базар Қилыбаев көшесінің оң жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Мәншүк Маметова көшесі болып нақтылансын;

      Мәншүк Маметова көшесінің оң жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Әлия Молдағұлова көшесі болып нақтылансын;

      Мұқтар Әуезов көшесінің сол жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Амангелі Иманов көшесі болып нақтылансын;

      Шәмші Қалдаяқов көшесінің оң жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Қойгелді көшесі болып нақтылансын;

      Шоқан Уалиханов көшесінің оң жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Сәкен Сейфуллин көшесі болып нақтылансын;

      Сәкен Сейфуллин көшесінің сол жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Шоқан Уалиханов көшесі болып нақтылансын;

      Ғани Мұратбаев көшесінің сол жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Желтоқсан көшесі болып нақтылансын;

      Сәкен Сейфуллин көшесінің оң жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Дінмұхамед Қонаев көшесі болып нақтылансын;

      Тұрар Рысқұлов көшесінің сол жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Керімбек Шманов көшесі болып нақтылансын.

      3. Аса ауылдық округінің Рахат ауылындағы көшелердің атауының транскрипциясы нақтылансын:

      Гагарин көшесінің сол жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Ақын Жақсылықов көшесі болып нақтылансын;

      Гагарин көшесінің сол жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Сейдахмет Айдаров көшесі болып нақтылансын.

      4. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аса ауылдық округінің әкімі Б. Калшымбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады