Қызылқайнар ауылдық округінің Қызылқайнар, Жасөркен ауылдарындағы көше атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қызылқайнар ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 13 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 20 наурызда № 4532 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылдың 27 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызылқайнар ауылдық округінің Қызылқайнар және Жасөркен ауылдарының көше атаулары өзгертілсін:

      1) Қызылқайнар ауылы бойынша:

      Мир көшесі Бірлік көшесіне.

      2) Жасөркен ауылы бойынша:

      Набережная көшесі Көкорай көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қызылқайнар ауылдық округі әкімінің орынбасары А.Урпековке жүктелсін.

      3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылқайнар ауылдық округі
      әкімінің міндетін атқарушы А. Урпеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады