Мойынқұм ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындау туралы

Жаңартылған

Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 60-3 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 25 маусымда № 4640 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8 бабына сәйкес, Мойынқұм аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімінің қосымшаларына сәйкес Мойынқұм ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.

      2. Мойынқұм аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 ақпандағы № 43-3 "Мойынқұм ауданы бойынша жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешiмi (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2016 жылғы 5 наурызында № 2964 тiркелген және 2016 жылғы 15 наурызында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың аумақтың экономикалық дамуы, бюджет және жергілікті салықтар, өнеркәсіп салаларын, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік салаларын дамыту, аумақтық құрылыс, жер учаскесін сатып алу туралы жобаларын қарау, қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Мойынқұм аудандық
      мәслихатының сессия төрағасы Н. Саурыков
      Мойынқұм аудандық
      мәслихатының хатшысы Ш. Исабеков

  Мойынқұм аудандық мәслихатының
2020 жылғы 24 маусымдағы
№ 60-3 шешіміне № 1 қосымша

Мойынқұм ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Мойынқұм ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы айқындалған орындар:

      1) жиналыс пен митинг өткізу орыны: Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, С.Мұқанов көшесі №34 - Б.Момышұлы атындағы Орталық стадион

      2) Мойынқұм ауданында шерулер мен демонстрациялар өткізу маршруты: Б.Омаров көшесінің Ә.Асылбеков көшесімен қиылысынан бастап, Мәдениет үйіне дейін белгіленсін.

      2. Мойынқұм ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі:

      1) аудан әкімдігі бейбіт жиналысты ұйымдастыру және өткізу кезінде бейбіт жиналысты ұйымдастыру және өткізуге жұмылдырылған ұйымдардың қызметін үйлестіру үшін тұрақты түрде жұмыс істейтін жедел штаб құрады. Жедел штабтың құрамына жергілікті полиция қызметі, азаматтық қорғау органдары өкілдері, бейбіт жиналысты ұйымдастырушы (бұдан әрі - ұйымдастырушы) кіреді. Жедел штабты аудан әкімдігінің уәкілетті өкілі басқарады;

      2) ұйымдастырушы бейбіт жиналысты ұйымдастыру және өткізу тәртібін регламенттейтін қатысушылардың жүріс-тұрыс қағидаларын азаматтар үшін жалпыға қолжетімді жерге орналастырады, қоғамдық тәртіпті сақтауды, қатысушылардың қауіпсіздігін, өрт және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін, жазатайым оқиғалар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін шараларды және төтенше жағдайлар туындаған кезде эвакуациялау тәртібін көздейді;

      3) ұйымдастырушы жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, жедел штабты басқару пунктінің, жергілікті полиция қызметінің және жедел жәрдемнің қызметтік автокөлігі, сондай-ақ резерві тұрағының орналасатын жерін айқындайды;

      4) жергілікті полиция қызметі бейбіт жиналыс басталуынан екі тәулік бұрын қоғамдық тәртіп сақтауды, жол және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылған күш пен құралдарды орналастыру жоспарын бекітеді.

      5) Мойынқұм ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылар мен қатысушылар Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңындағы көзделген міндеттер мен тыйымдарды қатаң сақтауға міндетті.

      3. Мойынқұм ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:

      а / в = с;

      а – бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың аумағы (шаршы метр);

      в – бейбіт жиналыстарға қатысатын әрбір азаматқа қарастырылған шекті норма (1,5 шаршы метр);

      с – бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормасы (бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың шекті саны).

      4. Мойынқұм ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылыққ амтамасыз етуге қойылатын талаптарды жергілікті полиция әрбір бейбіт жиналысты өткізу кезінде бекітетін қоғамдық тәртіп сақтауды, жол және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылған күш пен құралдарды орналастыру жоспарына сәйкес анықталады.

      Бейбіт жиналыстарды және шерулерді өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету


п/п

Арнайы орынның атауы

материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі

Шекті толу нормалары

1.1.

Мойынқұм ауылы, С.Мұқанов көшесі №34 Б.Момышұлы атындағы орталық стадион

Жер учаскесінің көлемі
– 20 000 шаршы метр;
– жарықтандырылған;
– электр энергиясын қосу нүктесі қамтылған;
– бейнебақылау камералары және бейнежазбалар орнатылған.

500
адам

2.2.

Мойынқұм ауылы, Б.Омаров көшесінің Ә.Асылбеков көшесімен қиылысынан бастап, мәдениет үйіне дейін

Маршруттың ұзындығы 1 километр:
– маршрут бойында көшелер жарықтандырылған;
– бейнебақылау камералары және бейне жазбалар
орнатылған.

100 адам

  Мойынқұм аудандық мәслихатының
2020 жылғы 24 маусымдағы
№ 60-3 шешіміне № 2 қосымша

ПИКЕТ жүргізу ережелері

      Ескерту. 2 қосымшаға өзгерістер енгізілді - Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық мәслихатының 26.02.2024 №16-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Пикеттеу – қоғамдық маңызы бар мәселелер және (немесе) адамдардың және (немесе) органдардың, ұйымдардың әрекеттері (әрекетсіздігі) бойынша пікірін жария білдіру мақсатында Қазақстан Республикасының бір азаматының белгілі бір жерде, белгілі бір уақытта болуы.

      Пикеттеу өткізуге тыйым салынады:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының резиденцияларына іргелес жатқан аумақтарда;

      5) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      6) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.

      Рұқсат етіледі:

      -статикалық түрде (қозғалссыз) бір ғана азаматпен жүргізуге;

      -плакаттар, транспаранттар және өзге де көрнекі үгіттеу құралдары пайдалануға;

      -бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне екі сағаттан аспайтын уақыт пикеттуге.

      Рұқсат етілмейді:

      -бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір уақытта дәл сол бір объектіде екі және одан көп пикет өткізуге;

      -дыбыс күшейткіш техникалық құралдарды, көлік құралдарын пайдалануға;

      -пикетту жүргізуге тыйым салынған объектілерге іргелес жатқан аумақтардан 800 метр қашықтықта пикеттеу жүргізуге.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады