Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Мойынқұм ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындау туралы" Мойынқұм аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы №60-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде №4640 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
1) осы көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі мәтініндегі №1 қосымшасы №2 қосымшасы деп ауыстырылсын.
2) көрсетілген шешімнің №2 қосымшасындағы "150" деген саны "800" деген санымен ауыстырылсын.
2. "Мойынқұм аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жамбыл облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Мойынқұм аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамсыз етсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мойынқұм аудандық | |
мәслихатының төрағасы | Н. Саурыков |