Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 11/03 "Қарағанды облысының Ащилыайрық, Кіші Бұқпа, Үлкен Бұқпа, Солонка, Узенка, Веснянка, Көкпекті, Талды, Шажағай, Сарыбұлақ өзендерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 88/04 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 5 қаңтарда № 6142 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 2024 жылғы 4 қазандағы № 60/03 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 04.10.2024 № 60/03 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 "Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 11/03 "Қарағанды облысының Ащилыайрық, Кіші Бұқпа, Үлкен Бұқпа, Солонка, Узенка, Веснянка, Көкпекті, Талды, Шажағай, Сарыбұлақ өзендерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1910 нөмерімен тіркелген, 2012 жылғы 29 мамырдағы №87 (21 294) "Орталық Қазақстан" және 2012 жылғы 29 мамырдағы №63 (21 227) "Индустриальная Караганда" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1 тармағының 4) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "4) "Қарағанды облысының Солонка өзенінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін орнату" және ""Қарағанды Энергоцентр" жауапкершілік шектеулі серіктестігі Қарағанды жылуэлектрорталығы-3 №3 золоотвалдың 1-секциясының іргелес аумағында құрылысы жоспарланған Солонка өзенінің учаскесінде су қорғау аймағын, белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін орнату" жобасын түзету";";

      көрсетілген қаулының 1 тармағының 6) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "6) "Қарағанды облысының Веснянка өзенінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін орнату" және ""Қарағанды Энергоцентр" жауапкершілік шектеулі серіктестігі Қарағанды жылуэлектрорталығы-3 №3 золоотвалдың 1-секциясының іргелес аумағында құрылысы жоспарланған Веснянка өзенінің учаскесінде су қорғау аймағын, белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін орнату" жобасын түзету";".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Қарағанды облысы әкімдігінің "Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 11/03 Қарағанды облысының Ащилыайрық, Кіші Бұқпа, Үлкен Бұқпа, Солонка, Узенка, Веснянка, Көкпекті, Талды, Шәжағай, Сарыбұлақ өзендерінде су қорғау аймақтарын мен белдеулерін орнату және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрлігінің
      Санитариялық-эпидемиологиялық
      бақылау комитетінің төрағасы
      _______________ А.С. Есмагамбетова

      2020 жылғы "____" _____________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы
      Экология, геология және
      табиғи ресурстар министрлігі
      Су ресурстары комитетінің
      Су ресурстарын пайдалануды реттеу
      және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу
      бассейндік инспекциясы" республикалық
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ________________М.С. Аккожин

      2020 жылғы "_____" ______________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады