Жергілікті ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Жезқазған қаласының әкімінің 2020 жылғы 13 мамырдағы № 18/01 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 13 мамырда № 5837 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 бабына және 50 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына, Жезқазған қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысының 2020 жылғы 16 наурыздағы № 3 хаттамасы негізінде, Жезқазған қаласының әкімі ШЕШТІ:

      1. Авариялық жағдайдың туындау қаупіне байланысты, адам өліміне әкеп соқтыруы мүмкін, Сейфуллин көшесіндегі № 4 көп пәтерлі үйде, Шевченко көшесіндегі № 7, 9, 13, 17 көп пәтерлі үйлерде, Байқоңыров көшесіндегі № 24, 38 көп пәтерлі үйлерде, Жезқазған қаласының Абай көшесіндегі № 61, 67 көп пәтерлі үйлерде, жергілікті ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Мұратбекұлы Бапанов тағайындалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жезқазған қаласы әкімі К. Бегимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады