Құлаайғыр ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай ауданы Құлаайғыр ауылдық округінің әкімінің 2020 жылғы 4 наурыздағы № 1 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 наурызда № 5737 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағының негізінде және тұрғындардың пікірлерін ескере отырып, Құлаайғыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарағанды облысы, Абай ауданы, Құлаайғыр ауылындағы көшелер келесідей:

      1) Школьный көшесі Ыбырай Алтынсарин көшесі;

      2) Олимпийская көшесі Әлия Молдағұлова көшесі;

      3) Кооперативная көшесі Қаныш Сәтпаев көшесі;

      4) Строительная көшесі Дінмұхамед Қонаев көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Н.С. Кенжебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады