Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 05.02.2021 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтоғай ауданының әкімі | С. Әбеуова |
Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 15 сәуірі № 16/01 қаулысына қосымша |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
№ | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрі | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдардағы ата-ананың бір айлық төлемақы мөлшері (теңгеде) | Бір тәрбиеленушіге бір айға жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңгеде) |
1. | Балабақша | 373 | 2 жастан 3 жасқа дейін - 9500, 3 жастан 5 жасқа дейін - 10000 | 30579 |
2. | Мектеп жанындағы толық күндік шағын орталықтар | 76 | 2 жастан 5 жасқа дейін - 6600 | 29518 |
3. | Мектеп жанындағы жарты күндік шағын орталықтар | 141 | 2 жастан 5 жасқа дейін - 6600 | 9812 |