Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтоғай ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 10 ақпандағы № 06/01 "Ақтоғай ауданы әкімдігінің "Ақтоғай ауданы білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Өнер мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны өткізетін білім беру қызметтеріне бағалар бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5702 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылғы 14 ақпанында, 2020 жылдың 21 ақпанында № 7 (7742) "Ақтоғай ажары" газетінде жарияланған) қаулысы;
2) Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 16/01 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5798 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылғы 15 сәуірінде жарияланған) қаулысы.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Аманжоловқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтоғай ауданының әкімі | С. Әбеуова |