Қарқаралы ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 21 шілдедегі № VI-58/493 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 шілдеде № 5977 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8-бабына сәйкес, Қарқаралы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормаларын, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      3. Қарқаралы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 мамырдағы III сессиясының № VI-3/24 "Қарқаралы ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3834 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 маусымда № 45-46 (11480) "Қарқаралы" газетінде және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 06 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Р. Смагулов
      Сессия төрағасы, аудандық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы М. Кәрім

  Қарқаралы аудандық мәслихатының
2020 жылғы 21 шілдедегі
№ VI-58/493
шешіміне 1 қосымша

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық –техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 22.02.2024 № VIII-18/139 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қарқаралы ауданында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар мен олардың шекті толу нормалары төмендегідей айқындалсын:

      1) "Автобаза" қонақ үйінің алдындағы алаң, Қарқаралы қаласы, 78-Коммунар көшесі № 135 ғимарат. Шекті толу нормасы – 300 адам;

      2) "Сары-Арқа" мемориалы алдындағы алаң, Қарқаралы қаласы, Т.Әубәкіров көшесі № 75 құрылыс. Шекті толу нормасы – 700 адам.

      Ымырт жағдайында бейбіт жиналыстар өткізуге арналған арнайы орындар жарықпен қамтамасыз етілуге тиіс.

      Қарқаралы ауданында шерулер мен демонстрациялардың маршруттары:

      1) "Автобаза" қонақ үйінен 78-Коммунар көшесі № 49 үйдің қиылысына дейін;

      2) "Сары-Арқа" мемориалынан Т.Әубәкіров көшесіндегі №116 құрылысына дейін.

      2. Ұйымдастырушы мен оның қатысушылары бейбіт жиналыстар өткізуге арналған арнайы орындарды мынадай тәртіппен пайдаланады:

      1) хабарламада көрсетілген уақыт бойы жиналыс үшін арнайы орын аумағында болады;

      2) ғимараттардың, құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;

      3) қауіпсіздік техникасының санитарлық нормалары мен ережелерін, қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтайды.

  Қарқаралы аудандық мәслихатының
2020 жылғы 21 шілдедегі
№ VI-58/493
шешіміне 2 қосымша

Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 22.02.2024 № VIII-18/139 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Пикеттеуді жүргізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары Қарқаралы ауданының келесі объектілерінде 800 метр қашықтықта айқындалады:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады