Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров ауданы Осакаровка кентінің әкімінің 2020 жылғы 12 қазандағы № 10 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 16 қазанда № 6060 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Осакаровка кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. "Қарағанды облысы энергетика және тұрғын коммуналдық шаруашылығы" мемлекеттік мекемесіне бес жыл мерзімінде, жер учаскесі жер пайдаланушылардан алып қоймай, Осакаров кентінде 41,53 гектар көлемінде, газ тарату желілерін жобалау және салу үшін, осы шешімнің қосымшасына сәйкес жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығын белгіленсін (қауымдық сервитут).

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды кент әкімінің орынбасары Болат Оразалұлы Жетпісбаевқа жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Осакаровка кентінің әкімі С. Акижанов

  Осакаровка кенті
әкімінің
2020 жылғы 12 қазаны
№ 10
шешіміне қосымша

Объектілердің техникалық көрсеткіштері

Атауы

Өлшем бірлігі

Ұзындығы/Саны

Алаңы, гектар

1

Жоғары қысымды таратушы газ құбыры 1,2 мегапаскаль

километр

0,82

1,66

2

Орташа қысымды таратушы газ құбыры 0,3 мегапаскаль

километр

11,93

4,77

3

Жоғары қысымды таратушы газ құбыры 0,003 мегапаскаль

километр

87,4

35,01

4

"Осакаровка" газ реттеу пункті, ұзындығы 15 метрден 10 метрге дейін

дана

1

0,015

5

Ұзындығы 5 метрден 3 метрге дейін газ реттеуіш шкаф пункті

дана

24

0,039

Барлығы

41,53


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады