"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8) тармақшаларына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. 2020 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Омаровқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы ауданының әкімі | М. Калдарбеков |
Қармақшы ауданының әкімі 2020 жылғы 31 қаңтары № 62 қаулысына 1-қосымша |
2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның мөлшері (пайыз) жұмыскерлердің тізімдік санынан | Квота белгіленген жұмыс орындары ның саны (адам) |
1 | "Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 17 | 5,9 | 1 |
2 | "Токен ата" шаруа қожалығы | 10 | 10 | 1 |
3 | "Ақай ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 15 | 6,6 | 1 |
4 | "Самал" жеке кәсіпкері | 10 | 10 | 1 |
5 | Думан дара кәсіпкері | 10 | 10 | 1 |
Қармақшы ауданының әкімі 2020 жылғы 31 қаңтары № 62 қаулысына 2-қосымша |
2020 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның мөлшері (пайыз) жұмыскерлердің тізімдік санынан | Квота белгіленген жұмыс орындары ның саны (адам) |
1 | "Қармақшы құрылыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 14 | 7,14 | 1 |