"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2020 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Омаровқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы ауданының әкімі | М. Калдарбеков |
Қармақшы ауданы әкімдігінің | |
2020 жылғы 15 маусымы | |
№ 117 қаулысына қосымша |
2020 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толағанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның мөлшері (пайыз) жұмыскерлердің тізімдік санынан | Квота белгіленген жұмыс орындары ның саны (адам) |
1 | "Елубаев Әмит Тайғараұлы" жеке кәсіпкер | 6 | 16,6 | 1 |