Карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 6 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 қаңтарда № 4123 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 68 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 22.04.2020 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда Маңғыстау облысы әкімдігінің 11.02.2020 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" заңдарына сәйкес, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 01-19/53 ұсынысының негізінде Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түйелердің арасында күл ауруының пайда болуына байланысты, Маңғыстау облысының келесі аумақтарында карантин белгіленсін:

      1) Маңғыстау ауданы Жыңғылды ауылының тұрғыны Ж. Нұрмағамбетованың жеке ауласы;

      2) Маңғыстау ауданы Жыңғылды ауылының тұрғыны К. Рахметовтың жеке ауласы;

      3) Түпқараған ауданының "Түйесу" қыстағы;

      4) Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылының тұрғыны Ө. Шәмбіловтың № 59 өндірістік базасы.

      5) Түпқараған ауданы Қызылөзен ауылы "Сұршоқы" қыстағындағы Ө.Тоғаевтың қора-жайы;

      6) Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы "Қошанай" қыстағындағы Қ. Тлеповтың қора-жайы;

      7) Түпқараған ауданы Қызылөзен ауылы "Қаңға" қыстағындағы А.Таласбаеваның қора-жайы;

      8) Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылы "Ұзынқұдық" қыстағындағы Қ. Мәдиевтің "Азамат" шаруа қожалығы;

      9) Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылы "Кезқора" қыстағындағы Н. Араловтың қора-жайы;

      10) Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылы "Ұзынқұдық" қыстағындағы Қ. Қосжановтың қора-жайы;

      11) Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылының тұрғыны Е. Алиевтің № 100 өндірістік базасы.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді- Маңғыстау облысы әкімдігінің 11.02.2020 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Алынып тасталды- Маңғыстау облысы әкімдігінің 11.02.2020 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Маңғыстау және Түпқараған аудандарының әкімдері осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

      4. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдау ұсынылсын.

      5. "Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Ш. Хамиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.А. Қашақовқа жүктелсін.

      7. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі С. Трумов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады