Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 6 "Карантин және шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 11 ақпандағы № 16 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 12 ақпанда № 4131 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 68 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 22.04.2020 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңдарына сәйкес, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2020 жылғы 31 қаңтардағы №01-19/94 ұсынысының негізінде Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 6 "Карантин және шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4123 болып тіркелген, 2020 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Карантин белгілеу туралы";

      1 тармақта:

      4) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "4) Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылының тұрғыны Ө. Шәмбіловтың № 59 өндірістік базасы;";

      келесідей мазмұндағы 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5) Түпқараған ауданы Қызылөзен ауылы "Сұршоқы" қыстағындағы Ө.Тоғаевтың қора-жайы;

      6) Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы "Қошанай" қыстағындағы Қ. Тлеповтың қора-жайы;

      7) Түпқараған ауданы Қызылөзен ауылы "Қаңға" қыстағындағы А.Таласбаеваның қора-жайы;

      8) Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылы "Ұзынқұдық" қыстағындағы Қ. Мәдиевтің "Азамат" шаруа қожалығы;

      9) Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылы "Кезқора" қыстағындағы Н. Араловтың қора-жайы;

      10) Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылы "Ұзынқұдық" қыстағындағы Қ. Қосжановтың қора-жайы;

      11) Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылының тұрғыны Е. Алиевтің № 100 өндірістік базасы.";

      2 тармақ алынып тасталсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдау ұсынылсын.

      3. "Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Ш. Хамиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.А. Қашақовқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.      

      Маңғыстау облысының әкімі С. Трумов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады