Карантинді алып тастау және Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 68 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 23 сәуірде № 4199 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" заңдарына сәйкес, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2020 жылғы 12 наурыздағы №01-19/211 ұсынысының негізінде Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түйелердің арасынан күл ауруын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілгеніне байланысты Маңғыстау облысының келесі аумақтарында белгіленген карантин алынып тасталсын:

      1) Маңғыстау ауданы Жыңғылды ауылының тұрғыны Ж. Нұрмағамбетованың жеке ауласы;

      2) Маңғыстау ауданы Жыңғылды ауылының тұрғыны К. Рахметовтың жеке ауласы;

      3) Түпқараған ауданының "Түйесу" қыстағы;

      4) Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылының тұрғыны Ө. Шәмбіловтың № 59 өндірістік базасы;

      5) Түпқараған ауданы Қызылөзен ауылы "Сұршоқы" қыстағындағы Ө. Тоғаевтың қора-жайы;

      6) Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы "Қошанай" қыстағындағы Қ. Тлеповтың қора-жайы;

      7) Түпқараған ауданы Қызылөзен ауылы "Қаңға" қыстағындағы А. Таласбаеваның қора-жайы;

      8) Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылы "Ұзынқұдық" қыстағындағы Қ. Мәдиевтің "Азамат" шаруа қожалығы;

      9) Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылы "Кезқора" қыстағындағы Н. Араловтың қора-жайы;

      10) Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылы "Ұзынқұдық" қыстағындағы Қ. Қосжановтың қора-жайы;

      11) Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылының тұрғыны Е. Алиевтің № 100 өндірістік базасы.

      2. Маңғыстау облысы әкімдігінің келесідей қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 6 "Карантин және шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4123 болып тіркелген, 2020 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      2) 2020 жылғы 11 ақпандағы № 16 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 6 "Карантин және шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4131 болып тіркелген, 2020 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      3. "Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Ш. Хамиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.А. Қашақовқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.      

      Маңғыстау облысының әкімі С. Трумов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады