Қарақия ауданы әкімінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 61 "Сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 9 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 3 қарашада № 4340 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қарақия ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Қарақия ауданы әкімінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 61 "Сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2813 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 қыркүйектегі "Қарақия" газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      қосымшада:

      № 148 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 148 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қарақия теміржол станциясы, Қарақия аудандық білім бөлімінің "Құрық ауылының № 11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, В блогы, телефон/факс: 8/72937/ 7-15-40.

      Шекарасы: Қарақия теміржол станциясының, Маңғыстау шағын ауданының барлық үйлері.";

      № 151 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 151 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жетібай ауылы, Қарақия аудандық білім бөлімінің "Жетібай ауылының № 3 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 26-2-30.

      Шекарасы: Жетібай ауылының Геофизика, Ш.Ыбырайымұлы, Аэропорт, 2-ауыл шағын аудандарының барлық үйлері.";

      № 152 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 152 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жетібай ауылы, Қарақия аудандық білім бөлімінің "Жетібай ауылының № 4 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 26-1-41.

      Шекарасы: Жетібай ауылының Астана, Күржіманұлы, Мұнайшы-2 шағын аудандарының барлық үйлері.";

      № 153 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 153 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жетібай ауылы, Қарақия ауданы әкімдігінің "Өскенбай Қалманбетұлы атындағы Жетібай балалар өнер мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 26-5-51.

      Шекарасы: Жетібай ауылының Мұнайшы-1, Т.Аубәкіров, М.Өскінбаев, Ұлутас, Төлендиев шағын аудандарының барлық үйлері.";

      № 155 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 155 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жетібай ауылы, Қарақия аудандық білім бөлімінің "Жетібай ауылының № 8 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 26-1-90.

      Шекарасы: Жетібай ауылының Ж.Мыңбаев, Ө.Қалманбетұлы, Т.Әлиев, С.Жанғабылұлы шағын аудандарының барлық үйлері.";

      № 157 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 157 сайлау учаскесі

      Орталығы: Сенек ауылының Аққұдық елді мекені, Қарақия аудандық білім бөлімінің "Аққұдық негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 41-010.

      Шекарасы: Сенек ауылының Аққұдық елді мекенінің барлық үйлері.".

      2. "Қарақия ауданы әкімінің аппараты" мемелекеттік мекемесі (Л.Жолдасбаева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысының міндетін атқарушы Б.Ерденбаевқа жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарақия ауданының әкімі К. Беков


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады