Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 241 "Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 маусымдағы № 126 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 маусымда № 4233 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 8 қарашадағы № 637 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 08.11.2021 № 637 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, Маңғыстау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 шілдедегі №241 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3121 болып тіркелген, 2016 жылы 15 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысына келесідей өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгіленсін.";

      осы қаулының қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

      2. "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бөлім басшысы М.Оразалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Маңғыстау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Е.Махмутовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау ауданы әкімінің міндетін атқарушы Е. Махмутов

  Маңғыстау ауданы әкімдігінің
  2020 жылғы 9 маусымы
  № 126 қаулысына қосымша
  Маңғыстау ауданы әкімдігінің
  2016 жылғы 20 шілдедегі
  №241 қаулысына қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар

Ұйымның атауы

Жұмыс орнының саны

Квота мөлшері, % есебімен

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны

1

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Маңғыстау орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

454

3

14


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады