Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Маңғыстау ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Маңғыстау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау ауданының әкімі | Т. Кушмаганбетов |
Маңғыстау ауданы әкімдігінің | |
2021 жылғы 8 қарашадағы № 637 | |
қаулысына қосымша |
Маңғыстау ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. "Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 241 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3121 болып тіркелген).
2. "Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 241 "Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 маусымдағы № 126 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4233 болып тіркелген).
3. "Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 241 "Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 318 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4509 болып тіркелген).