Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 241 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 09 тамызда № 3121 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 8 қарашадағы № 637 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 08.11.2021 № 637 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгіленсін.

      Ескерту. 1 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 09.06.2020 № 126(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С.Каимова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Махмутовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Т.Қылаңов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Маңғыстау аудандық жұмыспен

      қамту және әлеуметтік бағдарламалар

      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы

      С.Каимова

      "20" шілде 2016 жыл

  Маңғыстау ауданы әкімдігінің
  2016 жылғы 20 шілдедегі
  №241 қаулысына қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 30.04.2021 № 318 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квоталардың мөлшері (%)

Жұмыс орындарының саны

1

Маңғыстау ауданы әкімдігінің "Маңғыстау жылу, су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

58

5

3

2

Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

170

5

9

3

Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Дария" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

130

5

7

Барлығы



19


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады