Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 04.11.2021 № 8/46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" Түпқараған аудандық мәслихатының 2019 жылғы 17 мамырдағы № 30/246 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3917 болып тіркелген, 2019 жылғы 10 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларында:
10 тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"10. Қалдықтармен жұмыс істеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.";
2. "Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бас маман-заңгер Ә. Нәдірқожақызы) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Түпқараған аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түпқараған аудандық мәслихатының бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы Озгамбаев К.) жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Б. Қонақбаев |
Түпқараған аудандық мәслихатының хатшысы | А. Досанова |