Мәслихаттың 2018 жылғы 23 мамырдағы № 265 "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қосымша беру туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы мәслихатының 2020 жылғы 20 наурыздағы № 490 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 наурызда № 9056 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 2021 жылғы 9 шілдедегі № 75 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 09.07.2021 № 75 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облыстық мәслихатының "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қосымша беру туралы" 2018 жылғы 23 мамырдағы № 265 шешіміне (2018 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7837 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы";

      көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "1. Облыстық бюджет қаражаты есебінен азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін қосымша:

      дәрілік заттар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес;

      бейімделген емдік өнімдер осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес;

      медициналық бұйымдар осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес берілсін.";

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

      мемлекеттік тілдегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Облыстық бюджет қаражаты есебінен азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін қосымша берілетін дәрілік заттар";

      мынадай мазмұндағы 9 және 10-тармақтармен толықтырылсын:

      "9. "Митотан" препараты, таблетка, онкологиямен ауыратын азаматтарға.

      10. "Стирипентол" препараты, капсула, таблетка, Драв синдромымен ауыратын азаматтарға.";

      көрсетілген шешімнің 2-қосымшасында:

      мемлекеттік тілдегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Облыстық бюджет қаражаты есебінен азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін қосымша берілетін бейімделген емдік өнімдер";

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Энтеральдық қоректендіруге арналған бейімделген емдік өнім, көмей стенозымен ауыратын азаматтарға.";

      көрсетілген шешімнің 3-қосымшасында:

      мемлекеттік тілдегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Облыстық бюджет қаражаты есебінен азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін қосымша берілетін медициналық бұйымдар";

      мемлекеттік тілдегі 1-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "1. Буллезді эпидермолизбен ауыратын азаматтарға арналған медициналық бұйымдар:";

      мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:

      "2. Көмей стенозымен ауыратын азаматтарға арналған медициналық бұйымдар:

      аспираторлық катетер;

      асқазандық сүңгі;

      трахеостомаға арналған жылуылғалалмастырғыш;

      энтеральдық қоректендіруге арналған шприц.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облыстық мәслихаты сессиясының төрайымы Е. Смышляева
      Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы С. Ещанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады