Әкімдіктің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 328 "Карантинді белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 336 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 қыркүйекте № 9473 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 475 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 24.12.2020 № 475 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 "Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10414 болып тіркелген) бекітілген Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларының 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қостанай облысының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушының 2020 жылғы 27 қыркүйектегі № 01-08/2147 ұсынысы негізінде Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің "Карантинді белгілеу туралы" 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 328 қаулысына (2020 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9466 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мухамбетов

  Әкімдіктің
2020 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 336 қаулысына
қосымша
  Әкімдіктің
2020 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 328 қаулысына
қосымша

Жұқпалы құс тұмауы ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленген Қостанай облысының аумағында орналасқан елді мекендер


р/с

Елді мекеннің атауы

1

Алтынсарин ауданы

Большая Чураковка ауылдық округінің Приозерный ауылы

2

Арқалық қаласы

Родина ауылдық округінің Родина ауылы;
Фурманов ауылы

3

Қарабалық ауданы

Михайлов ауылдық округінің Михайлов ауылы

4

Меңдіқара ауданы

Краснопреснен ауылдық округінің Красная Пресня ауылы

5

Сарыкөл ауданы

Маяк ауылы;
Тағыл ауылдық округінің Тағыл ауылы

6

Ұзынкөл ауданы

Федоров ауылдық округінің Сокол ауылы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады