Карантинді тоқтату туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 475 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 желтоқсанда № 9658 болып тіркелді

      "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10414 болып тіркелген) бекітілген Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларының 8-тармағына сәйкес, Қостанай облысының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 01-08/2954 ұсынысы негізінде Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Сұлукөл ауылдық округінің Юльевка ауылында жұқпалы – құс тұмауы ауруының пайда болуына байланысты белгіленген карантин тоқтатылсын.

      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қостанай облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мухамбетов

  Әкімдігінің
2020 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 475 қаулысына
қосымшасы

Қостанай облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Қостанай облысы әкімдігінің "Карантинді белгілеу туралы" 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 328 қаулысы (2020 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9466 болып тіркелген).

      2. Қостанай облысы әкімдігінің "Әкімдіктің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 328 "Карантинді белгілеу туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 331 қаулысы (2020 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9468 болып тіркелген).

      3. Қостанай облысы әкімдігінің "Әкімдіктің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 328 "Карантинді белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 336 қаулысы (2020 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9473 болып тіркелген).

      4. Қостанай облысы әкімдігінің "Әкімдіктің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 328 "Карантинді белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 8 қазандағы № 352 қаулысы (2020 жылғы 8 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9489 болып тіркелген).

      5. Қостанай облысы әкімдігінің "Әкімдіктің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 328 "Карантинді белгілеу туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2020 жылғы 30 қарашадағы № 436 қаулысы (2020 жылғы 2 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9601 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады