Әкімдіктің 2018 жылғы 29 маусымдағы № 302 "Қостанай облысы бойынша кен іздеушілікке арналған аумақтарды айкындау туралы" қаулысына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 9 қазандағы № 356 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 13 қазанда № 9491 болып тіркелді

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 264-бабы 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің "Қостанай облысы бойынша кен іздеушілікке арналған аумақтарды айкындау туралы" 2018 жылғы 29 маусымдағы № 302 қаулысына (2018 жылғы 27 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7975 болып тіркелген) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:

      мемлекеттік тілдегі тақырып жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Қостанай облысы бойынша кен іздеушілікке арналған аумақтарды айқындау туралы";

      көрсетілген қаулының қосымшасы мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 7-жолмен толықтырылсын:

      "

7

7-учаске

1

51º29'30"

61º2'30"

5

Жітіқара ауданы

2

51º29'28"

61º2'34"

3

51º29'12"

61º2'27"

4

51º29'14"

61º2'23"

      ".

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мухамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады