Әкімдіктің 2017 жылғы 12 маусымдағы № 1700 "Қостанай қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 2285 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 5 қаңтарда № 9691 болып тіркелді

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әкімдіктің "Қостанай қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы" 2017 жылғы 12 маусымдағы № 1700 қаулысына (2017 жылғы 19 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7128 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      қазақ тіліндегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Қостанай қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы";

      қазақ тіліндегі 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "1. Қостанай қаласы, Қобыланды батыр даңғылы, 37-үй мекенжайы бойынша орналасқан мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін айына жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін 23,40 (жиырма үш теңге қырық тиын) мөлшерінде төлемақы мөлшері белгіленсін.".

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай қаласы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім К. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады