Қостанай қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 12 маусымдағы № 1700 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 шілдеде № 7128 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 30.12.2020 № 2285 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 97-бабының 1-тармағына, "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 Бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7232 болып тіркелген), Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай қаласы, Қобыланды батыр даңғылы, 37-үй мекенжайы бойынша орналасқан мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін айына жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін 23,40 (жиырма үш теңге қырық тиын) мөлшерінде төлемақы мөлшері белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 30.12.2020 № 2285 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Б. Жақыпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады