Қостанай облысы Қарабалық ауданы Победа ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2020 жылғы 28 мамырдағы № 502 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 мамырда № 9229 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2023 жылғы 13 қарашадағы № 60 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 13.11.2023 № 60 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 26.05.2022 № 141 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Қостанай облысы Қарабалық ауданы Победа ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 26.05.2022 № 141 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес, Қостанай облысы Қарабалық ауданы Победа ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 26.05.2022 № 141 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Мәслихаттың "Қостанай облысы Қарабалық ауданы Победа ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 26 наурыздағы № 214 шешімінің (2014 жылғы 15 мамырда "Айна" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4649 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Р. Кушекбаева
      Аудандық мәслихаттың хатшысы А. Тюлюбаев

  Қарабалық
аудандық мәслихатының
шешіміне 1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышына өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 26.05.2022 № 141 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Победа ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 26.05.2022 № 141 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Қарабалық ауданы Победа ауылдық (бұдан әрі - Победа ауылы) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің Қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы № 707 қаулысына сәйкес әзірленді және Победа ауылы тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауылдық округтің тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (көшелер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін үш адамнан аспайтын мөлшерде өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастық бөлек жиынын Победа ауылының әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастық халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Победа ауылының әкімі бұқаралық ақпарат құралдары немесе интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты үздіксіз жария тарату олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Учаске шегінде жергілікті қоғамдастық бөлек жиынын өткізуді Победа ауылының әкімі ұйымдастырады.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашылуы алдында тиісті учаскенің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Победа ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Победа ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін учаске тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын ауданның мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастық бөлек жиынына қатысушылар ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Победа ауылының әкімінің аппаратына беріледі.

  Қарабалық
аудандық мәслихатының шешіміне 2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышына өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 26.05.2022 № 141 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Победа ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 26.05.2022 № 141 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Елдің мекеннің атауы

Ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Победа ауылының тұрғындары үшін

3

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады