Мәслихаттың 2014 жылғы 11 наурыздағы № 181 "Қостанай облысы Қостанай ауданы Майкөл ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2020 жылғы 2 қазандағы № 569 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 7 қазанда № 9484 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2022 жылғы 24 наурыздағы № 145 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 24.03.2022 № 145 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Қостанай облысы Қостанай ауданы Майкөл ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 11 наурыздағы № 181 шешіміне (2014 жылғы 30 сәуірде "Арна" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4608 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысы Қостанай ауданы Майкөл ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларында:

      қазақ тіліндегі 6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "6. Бөлек жиынды ашудың алдында Майкөл ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарына тіркеу жүргізіледі.";

      мәслихат шешімінің қазақ тіліндегі қосымшасында реттік нөмірлері 2, 4-жолдар жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "

2

Қостанай облысы Қостанай ауданы Майкөл ауылдық округінің Шеминовское ауылының тұрғындары үшін

27

      ";

      "

4

Қостанай облысы Қостанай ауданы Майкөл ауылдық округінің Рязановка ауылының тұрғындары үшін

13

      ".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Фищук
      Қостанай аудандық мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы Б. Бурашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады