2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабына сәйкес Федоров ауданы Пешков ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Транстелеком" акционерлік қоғамына "Костанай-Золотая сопка" талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу мен пайдалану мақсатында Қостанай облысы Федоров ауданы Пешков ауылдық округі Пешков ауылының аумағында орналасқан жалпы алаңы 3,60 гектар жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Федоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.
Әкім | А. Ержанов |