Павлодар қаласы Жетекші ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар қаласы Жетекші ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 1 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 31 наурызда № 6782 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Жетекші ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, 2019 жылғы 13 желтоқсандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Павлодар қаласы Жетекші ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар қаласының Жетекші ауылында келесі көшелері:

      "Геологическая" көшесін - "Алаш Орда" көшесі;

      "Мир" көшесін - "Қыз Жібек" көшесі;

      "Молодежная" көшесін – "Орда" көшесі;

      "Новоселов" көшесін - "Жалаулы" көшесі;

      "Степная" көшесін – "Бәйтерек" көшесі;

      "Строительная" көшесін - "Үркер" көшесі;

      "Целинная" көшесін - "Найзатас" көшесі;

      "Школьная" көшесін – "Мәшһүр Жүсіп" көшесі;

      "Энтузиасттар" көшесін – "Жеті Жарғы" көшесі;

      "Гагарин" көшесін – "Кенесары хан" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жетекші ауылының әкімі Е. Курмантаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады