Павлодар қаласы Мойылды ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар қаласы Мойылды ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 11 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 3 сәуірде № 6790 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Мойылды ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, 2019 жылғы 13 желтоқсандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Павлодар қаласы Мойылды ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар қаласының Мойылды ауылында келесі көшелері:

      "Подхозная" көшесін – "Жерұйық" көшесі;

      "Степная" көшесін – "Атамекен" көшесі;

      "Центральная" көшесін – "Ұлы Дала" көшесі;

      "Черемуховая" көшесін – "Қазына" көшесі;

      "Курортная" көшесін – "Алаш Орда" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мойылды ауылының әкімі А. Смагулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады