Павлодар қаласы Ленин кентінің көшелерін қайта атау туралы

Жаңартылған

Павлодар облысы Павлодар қаласы Ленин кенті әкімінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 18 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 сәуірде № 6799 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда орыс тілінде , қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Павлодар қаласы Ленин кенті әкімінің 09.11.2020 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Ленин кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып, 2019 жылғы 13 желтоқсандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Павлодар қаласы Ленин кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе - орыс тілінде жаңа редакцияда, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Павлодар қаласы Ленин кенті әкімінің 09.11.2020 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Павлодар қаласының Ленин кентінде келесі көшелері:

      "Автомобилисттер" көшесін - "Жібек жолы" көшесі;

      "Добролюбов" көшесін - "Малайсары батыр" көшесі;

      "Карьерная" көшесін - "Береке" көшесі;

      "Клубная" көшесін - "Керуен" көшесі;

      "Линейная" көшесін - "Ш. Уәлиханов" көшесі;

      "Маслозаводская" көшесін - "Олжабай батыр" көшесі;

      "Новоселовка" көшесін - "Көкжиек" көшесі;

      "Новая" көшесін - "Түркістан" көшесі;

      "Павлодарская" көшесін - "Сарыарқа" көшесі;

      "Пионерская" көшесін - "Гауһар батыр" көшесі;

      "Парковая" көшесін - "Тұран" көшесі;

      "Подстанция" көшесін - "Ертіс" көшесі;

      "Степная" көшесін - "Саржайлау" көшесі;

      "Солнечная" көшесін - "Абылай хан" көшесі;

      "Станционная" көшесін - "Ақжол" көшесі;

      "Тракторная" көшесін - "Болашақ" көшесі;

      "Титов" көшесін - "Қазыбек би" көшесі;

      "Урожайная" көшесін - "Қабанбай батыр" көшесі;

      "Целинная" көшесін - "Бұқар жырау" көшесі;

      "Шоссейная" көшесін - "Жасыбай батыр" көшесі;

      "Элеваторная" көшесін - "Торайғыр би" көшесі;

      "Южная" көшесін - "Бөгенбай батыр" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ленин кентінің әкімі М. Алшимбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады