Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Павлодар қаласы Ленин кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар қаласы Ленин кенті әкімінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі "Павлодар қаласы Ленин кентінің көшелерін қайта атау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6799 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 20 сәуірде жарияланған) № 18 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі атауы келесі редакцияда жазылсын:
"О переименовании улиц поселка Ленинский города Павлодара";
2) көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
"В соответствии с подпунктом 4) статьи 14 Закона Республики Казахстан от 08 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", пунктом 2 статьи 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республики Казахстан", с учетом мнения жителей поселка Ленинский и на основании заключения областной ономастической комиссии от 13 декабря 2019 года, аким поселка Ленинский города Павлодара РЕШИЛ:".
2. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ленин кентінің әкімі | М. Алшимбаева |