2021 жылға арналған Баянауыл ауданының ұйымдарында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Павлодар облысы Баянауыл аудандық әкімдігінің 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 277/9 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 қыркүйекте № 6943 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 18-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 7), 8) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата–анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" № 412 бұйрығына сәйкес, Баянауыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жұмыс орындарының квотасы:

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды Баянауыл ауданының ұйымдарында, ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, жұмысқа орналастыру үшін 1-қосымшаға сәйкес;

      пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды Баянауыл ауданының ұйымдарында, ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, жұмысқа орналастыру үшін 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Баянауыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Баянауыл ауданының әкімі К. Каримов

  Баянауыл ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 7 қыркүйегі
№ 277/9 қаулысына
1- қосымша

2021 жылға арналған Баянауыл ауданының ұйымдарында бас бостандығынан айыру
орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс
орындарының квотасы

Р/с

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесі

175

1

2

  Баянауыл ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 07 қыркүйектегі
№ 277/9 қаулысына
2- қосымша

2021 жылға арналған Баянауыл ауданының ұйымдарында пробация қызметінің
есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Р/с

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

Қазақстан Республикасы Экология, геология, және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесі

175

1

2

2

Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Баянауыл аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

389

1

4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады