Аққулы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Жаңартылған

Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 306/62 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 5 қаңтарда № 7152 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8-бабы 2-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес, Аққулы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1 – қосымшасына сәйкес Аққулы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2 – қосымшасына сәйкес Аққулы ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының экономика және бюджеттік саясат, заңдылық пен адам құқығын қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аққулы аудандық мәслихатының сессия төрағасы К. Альтаев
      Аққулы аудандық мәслихатының хатшысы С. Мусинова

  Аққулы аудандық
мәслихатының
2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 306/62 шешіміне
1- қосымша

Аққулы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру
және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды
ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды
пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары,
бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін
арнайы орындарды материалдық-техникалық және
ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Аққулы ауданында жиналыс, митинг нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын:

      Аққулы ауылының Серік Хамзин көшесі бойынша орналасқан Ауған-жауынгерлерінің саябағы. Жиналыс, митинг нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін шекті толу нормасы - сексен адам.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 29.04.2021 № 22/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Демонстрациялар, шерулер нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін маршрут:

      Аққулы ауылының Амангелді көшесі (Әбілқайыр Баймолдин көшесінен Ташимов көшесіне дейін). Шекті толу нормасы - сексен адам.

      3. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі:

      1) өтініште көрсетілген уақыт ішінде арнайы орын аумағында болу;

      2) ғимараттардың, құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;

      3) санитариялық нормалар мен қауіпсіздік техникасының қағидаларын, Қазақстан Республикасының қоғамдық құқық тәртібін сақтау жөніндегі заңнамасын сақтау.

      4. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:

      1) көше жарықтандыруының болуы;

      2) бейнебақылау камераларының болуы;

      3) тұрақ орындарымен қамтамасыз етілуі.

  Аққулы аудандық
мәслихатының 2020 жылғы
30 желтоқсандағы № 306/62
шешіміне
2 - қосымша

Аққулы ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 31.01.2024 № 68/17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Аққулы ауданының келесі объектілерінің іргелес аумақтарынан кемінде 800 метр қашықтықта пикет өткізу шекаралары айқындалсын:

      1) жаппай жерлеу орындары;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінің;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар;

      4) қауіпті өндірістік объектілер және пайдаланылуы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілер;

      5) магистральдық теміржол желілері, магистральдық құбыржолдар, ұлттық электр желісі, магистральдық байланыс желілері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады